Instructor

Айдар Куздеубаев

Магистр

Reviews

Course reviews will be shown here

Overview

І. Сурет 2-1 пәні курсының мақсаты мен міндеті:

Курстың мақсаты: Студенттерді көркем графиканың бейнелеу өнерінде алатын орны мен оның ғылыми-теориялық негіздері жайлы білім беру, сурет жұмыстарын орындау түрлерімен таныстыру, шығармашылық ойлай білу қабілеттері мен бейнелеу тәсілдері машықтарын одан әрі дамыту арқылы студенттердің болашақ кәсіби біліктілігін арттыру.

Курстың міндеті: студенттерді графикалық жұмыс орындау түрлерімен таныстыру, тәжірибелік машықтарын  дамыту, бейнелеу тәсілдерін игерту, жұмыстың жүйелі түрде сауатты орындалу жолдарымен таныстыру.

ІІ. Студенттердің білімі мен біліктілігіне  қойылатын талаптар:

Студент:

ІІ.1. Бейнелеу өнері, соның ішінде графика өнерінің түрлерімен, графикалық сурет өнерінің орындалу  әдіс-тәсілдеріментаныс болуы қажет;

ІІ.2. – Реалистік бейнелеудің теориялық және тәжірибелік ғылыми негіздерін, оқу-әдістемелік талапқа сай орындалу кезеңдері мен жолдарын, графикалық бейнелеу құралдарының мүмкіншіліктерінбілуі керек;

ІІ.3. – Ғылыми және оқу-әдістемелік оқу әдебиеттерін еркін қолдана отырып, суреттің сауатты орындалу жолдарынигеруі қажет.

ІІ.4. Пререквизиттер мен постреквизиттер

Пререквизиттер:«Академиялық сурет 1», «Перспектива», «Академиялық живопись 1», «Композиция 1» пәні курстары.

Постреквизиттер:курс көлемінде алынған білім «Кескіндеме», «Композиция», «Дизайн негіздері», «Мүсін», «өнер тарихы және теориясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні және т.б. арнайы оқу курстарын игеруге мүмкіндік береді.

ІІ.5. Курстың мазмұны

Курстағы пән мазмұны үш модуль бойынша құрылған.

Курс бойынша 5-6 семестрлерде аптасына 1 академиялық сағат тәжірибелік сабақтар өтіледі.

Студенттің оқытушымен өтілетін өзбетінше жұмысы (СОӨЖ) – рейтингілік қойылымдық жұмыстар мен аудиториялық жұмыстардағы қателіктермен жұмыс, жекелей консультациялық жұмыстар түрінде орындалады. Студенттің өзбетінше жұмысы (СӨЖ) – студенттің тәжірибелік сабақтарға дайындалу мақсатындағы теориялық ақпараттар негізінде ұсынылған әдебиеттермен кітапханалардағы жұмыс, сонымен қатар оқытушы ұсынған әртүрлі графикалық бейнелеу тәсілдері мен жолдарына арналған үй тапсырмаларын орындау түрінде жүргізіледі. Студенттің қолында әр сабақта қосымша жазба жұмыстарының конспектілері үшін (жеке тәжірибелік сабақтар мен үй жұмыстарының тапсырмалары мен тақырыптары, әдебиеттер,  т.б. жазуға арналған) қажетті қалың жазу дәптері, негізгі оқу құрал-жабдықтары: планшет 40х60 (1 дана), графит қарындаштар, өшіргіш, қалам ұштағыш, А3 және А4 форматтағы ватман қағаздары болуы керек.

Ағымды бақылау. Әр сабақта орындалатын аудиториялық тапсырмалар жұмыстарының орындалу барысына, яғни жұмыстың сауатты орындалу жүйелілігіне, графика түрлері және оның бейнелеу заңдылықтарына байланысты бейнелеу жолдарын және белгілі-бір деңгейде бейнелеу тәсілдерін /техникасын/ меңгеру дәрежесіне, талдау жасай білу деңгейіне байланысты бағалау арқылы айқындалады. СӨЖ - әр сабақтың соңында оқу модулінің тақырыптарына сай игерілетін жұмыс түрлеріне байланысты үй жұмыстарының тапсырмалары беріліп, бекітілген кесте бойынша тексеріліп отырылады. Үй жұмыстары  қысқа уақыттық  сызықтық және өңдік қатынастарда орындалған жұмыстары, ұзақ уақыттық жүйелі түрде кезеңдермен орындалатын тақырыптық жұмыстар, көшірме жұмыстар, ойша орындалатын жұмыстар түрінде болады. Ең жоғарғы баға – 100 балл.  СОӨЖ – қойылымдық жұмыстар мен аудиториялық жұмыстардағы қателіктермен жұмыс, жекелей консультациялық жұмыстар түрінде орындалады.

Рубеждік бақылау – қорытынды бақылауда бірінші және екінші модульдардың оқу мазмұны тақырыптарына сәйкес  бақылау жұмысын (тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын) орындау. Бағалау критерийі – тапсырманың модуль мақсатына сай сауатты орындалу деңгейінің сауаттылығы мен бейнелеу тәсілін игеру дәрежесін қамтиды. Ең жоғарғы баға – 100 балл.

Аралық бақылау – курс соңында емтихан жазбаша түрде және тәжірибелік жұмыс орындау түрінде өтіледі. Ең жоғарғы баға - 100 балл, бұл жалпы балл мөлшерінің 40% құрайды

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn