Instructor

Nazym Duisenowa

ІТиИТО

Reviews

Course reviews will be shown here

Overview

Құрметті ТарМПИ Жазғы мектеп-2016 қатысушылары!

Сіз ІТ және оқытудың инновациялық технологиялары орталығының Eliademy платформасында «Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» курсына тіркелдіңіз.

 Курстың концепциясы

Кімге арналған?

Бұл курс ақпараттық-коммуникативтік құзырлылығын арттыруды көздеген барлық педагогтарға арналған. Оған әртүрлі жастағы компьютерлік құзырлылығы жоғары кез-келген мұғалім қатыса алады.

Курстың форматы

Eliademy-виртуалды аудиториясында тьютордың көмегімен өтетін онлайн курс.

Kурстың ұзақтығы: 2 апта

Курстың мақсаты

«Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» онлайн курсының мақсаты:

  • Мұғалімдердің АКТ құзырлылықтарын арттыру
  • Сабақты түрлендіру мүмкіндіктерімен және оларды сабақта қолдану жолдарымен танысу
  • Өзара тәжірибе алмасуға/бөлісуге жағдай жасау

Курстың құрылымы

«Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» онлайн курсы бір фазадан ғана тұрады, яғни кейбір веб-технологиялармен танысу және оларды оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін ортаға салу.

Курстың барысы

Курста қарым-қатынас тілі – қазақ тілі.

Курс барысында қатысушылар жұмыс материалдарымен жұмыс жасайды, тапсырмаларды орындайды, форумда қатысады, өз посттарын жазады, мультимедиалы өнімдер дайындайды және т.б. Коммуникация форумда/дискуссия және E-Mail арқылы жүзеге асады.

Курс 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде әдістемелік нұсқаулық және 2-4 тапсырма қарастырылған.

Курс екі аптаға созылады. Курс бағдарламасына сәйкес тапсырмалар ретімен жарияланып отырады. Сіздің міндетіңіз – берілген тапсырманы уақтылы орындау. Қатысушылар әр сабақтың тапсырмаларын орындап, курс платформасына жүктейді де, тьютор мен әріптестерінен комментарийлер мен кері байланыс алады, оқу материалдарымен, идеяларымен алмасады, сабаққа байланысты бір-біріне кеңес береді.

 

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn