Заманауи педагогикалық технологияларды музыкалық білім беру үрдісінде қолдану

Instructor

Маржан Жантаева

Reviews

Course reviews will be shown here

Overview

Кіріспе

1. Музыка мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату курсының «Музыкалық білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды пайдалану» Білім беру бағдарламасы 5В010600-музыкалық білім беру мамандығы бойынша музыкалық білім беретін оқытушыларына арналған.

         2. Бағдарлама модульдерінің мазмұны музыкалық білім беру пәндері шегінде материалды тек теориялық түсіну деңгейінде ғана емес, оны талдап, пайдаланылған  инновациялық технологияларға баға беру іскерлігі, музыка мұғалімінің музыкалық-педагогикалық қызметінің негізгі аспектілерін қамтиды.

         3. Бағдарламада музыка сабағында оқытудың интербелсенді және инновациялық әдістерін оқу процесіне енгізу бойынша жұмыс жүйесі ашылады, оқу-тәрбие процесінде инновацилық технологиялармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мен дамыту жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар мемлекеттік жалпы білім беру стандарты мазмұны, базистік оқу жоспары, сабақты ұйымдастырудың оқу-әдістемелік кешені, музыка мұғалімінің міндеттері, құжаттар мен жоспарлау жұмыстарына қажетті үлгілер, негізгі бағдарламалық материалдар, базалық мектептер оқытушыларының тәжірибе алмасу таныстырылымдары қарастырылады.

2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 

4.Бағдарламаның мақсаты оқу процесіне оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістерін енгізу жолдары арқылы музыка мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.

5. Бағдарлама мақсатына жету үшін келесі міндеттер айқындалған:
         1) тыңдаушыларға білім беру процесін жаңартудың мемлекеттік тапсырысын жүзеге асыруда оқу-тәрбие процесіне педагогикалық инновацияларды енгізу механизімін меңгеруге мүмкіндік беру;

         2) музыка мұғалімдерінің оқу процесіне интербелсенді әдістер мен  инновациялық технологияларды енгізу және басқару дағдыларын қалыптастыру;

3) тыңдаушыларды нормативтік-құқықтық, әдістемелік, дидактикалық құжаттамалармен қамтамасыз ете отырып, нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес кәсіби қызмет нәтижелерін багалай және диагностикалай білуге үйрету;

4) тыңдаушыладың оқу процесінде оқытудың интерактивті және инновациялық әдістерін пайдалану құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn