«Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» онлайн курсына қош келіпсіздер!
|
Құрметті курсқа қатысушылар! Сіз ІТ және оқытудың инновациялық технологиялары орталығының Eliademy платформасында «Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» курсына тіркелдіңіз. Онлайн курс сынақ-курсы ретінде ұйымдастырлып отыр және оған қатысуға келісім бергендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл курс бір-екі күнде басталады. Оған дейін курстың концепциясымен таныс болыңыздар. |
„Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері“ онлайн курсы
Қысқаша шолу
Кімге арналған?
Бұл курс ТарМПИ профессор-оқытушы құрамына арналған. Оған әртүрлі жастағы компьютерлік құзырлылығы жоғары кез-келген оқытушы қатыса алады.
Курстың форматы
Eliademy-виртуалды аудиториясында тьютордың көмегімен өтетін онлайн курс.
Kурстың ұзақтығы: 2 апта
Курстың мақсаты
«Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» онлайн курсының мақсаты:
Ал алғашқы онлайн курстың басты мақсаты - Интернет платформаға негізделген оқу курсының жұмыс қағидаларымен танысу, оның жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, оны оқу үрдісіне енгізу мүмкіндіктерін қарастыру.
Курстың құрылымы
«Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» онлайн курсы бір фазадан ғана тұрады, яғни кейбір веб-технологиялармен танысу және оларды оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін ортаға салу.
Курстың барысы
Онлайн курсқа қатысу тегін. Курста қарым-қатынас тілі – қазақ тілі.
Курс барысында қатысушылар жұмыс материалдарымен жұмыс жасайды, тапсырмаларды орындайды, форумда қатысады, өз посттарын жазады, мультимедиалы өнімдер дайындайды және т.б. Коммуникация форумда/дискуссия және E-Mail арқылы жүзеге асады.
Курс 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде ең алдымен, әдістемелік нұсқаулық және 2-4 тапсырма қарастырылған.
Курс екі аптаға созылады. Курс бағдарламасына сәйкес тапсырмалар ретімен жарияланып отырады. Сіздің міндетіңіз – берілген тапсырманы уақтылы орындау. Қатысушылар әр сабақтың тапсырмаларын орындап, курс платформасына жүктейді де, тьютор мен әріптестерінен комментарийлер мен кері байланыс алады, оқу материалдарымен, идеяларымен алмасады, сабаққа байланысты бір-біріне кеңес береді.