Заманауи интернет технологиялар

Instructor

Nazym Duisenowa

ІТиИТО

Reviews (3)

Дана Мадибаева
Gulzira Bashanova

Overview

Құрметті курсқа қатысушылар!

Сіз Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ІТ және оқытудың инновациялық технологиялары орталығы ұйымдастырған "Заманауи интернет технологиялар" онлайн семинарына тіркелдіңіз.

 

​​

 

 

Заманауи интернет технологиялар" онлайн курсы

Қысқаша шолу

Кімге арналған?

Бұл курс ТарМПИ профессор-оқытушы құрамына арналған. Оған әртүрлі жастағы компьютерлік құзырлылығы жоғары кез-келген оқытушы қатыса алады.

Курстың форматы

Eliademy-виртуалды аудиториясында тьютордың көмегімен өтетін онлайн курс.

Kурстың ұзақтығы: 1 апта

Курстың мақсаты

«Заманауи Интернет технологиялар» онлайн курсының мақсаты:

  • Профессор-оқытушы құрамының АКТ құзырлылықтарын арттыру
  • Сабақты түрлендіру мүмкіндіктерімен және оларды сабақта қолдану жолдарымен танысу
  • ПОҚ тәжірибе алмасуға/бөлісуге жағдай жасау

Курстың құрылымы

«Заманауи Интернет технологиялар» онлайн курсы бір фазадан ғана тұрады, яғни кейбір веб-технологиялармен танысу және оларды оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін ортаға салу.

Курстың барысы

Онлайн курсқа қатысу тегін. Курста қарым-қатынас тілі – қазақ тілі.

Курс барысында қатысушылар жұмыс материалдарымен жұмыс жасайды, тапсырмаларды орындайды, форумда қатысады, өз посттарын жазады, мультимедиалы өнімдер дайындайды және т.б. Коммуникация форумда/дискуссия және E-Mail арқылы жүзеге асады.

Курс 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде ең алдымен, әдістемелік нұсқаулық және 2-4 тапсырма қарастырылған.

Курс бағдарламасына сәйкес тапсырмалар ретімен жарияланып отырады. Сіздің міндетіңіз – берілген тапсырманы уақтылы орындау. Қатысушылар әр сабақтың тапсырмаларын орындап, курс платформасына жүктейді де, тьютор мен әріптестерінен комментарийлер мен кері байланыс алады, оқу материалдарымен, идеяларымен алмасады, сабаққа байланысты бір-біріне кеңес береді.

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn