Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Instructor

Гулсим Абдрасилова

Reviews

Course reviews will be shown here

Overview

 Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Пәннің мақсаты: студенттердің бастауыш мектепте жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін теориялық тұрғыдан түсінуі мен практикалық меңгеруі болып табылады. Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясын, тәрбие үдерісінің негіздерін танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Пәннің міндеттері:

  • тәрбие жұмысы әдістемесінің мазмұнын, мақсат, міндеттерін, бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасаудың және тәрбие іс-шараларының әдіс-тәсілдерін меңгеру;
  • бастауыш сынып оқушыларының жесе тұлғасы мен сынып ұжымын диагностикалау әдістерін меңгеру;
  • сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында мақсатты анықтау және ұйымдастыра білу дағдыларын қатыптастыру;
  • сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жоспарларын, сценарийлерін дайындау және ұжымдык шығармашылық істер әдістемесі бойынша жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру;
  • тәрбие жұмыстарының нәтижелерін талдау,

-   кәсіби қабілеттері мен шеберлігін және өзбетімен білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастыру.

  • студенттерде оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемесі мен технологиясы саласында кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті меңгеруді мақсат етіп ұстануды дамыту;
  • тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;
  • студенттерде жалпы педагогикалық және арнайы құзыреттіліктерді: мақсаттылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, диагностикалық, аналитикалық және т.б. қалыптастыру;
  • студенттерді оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз креативтілігін дамытуға ынталандыру.

Білім мен дағды талаптары

Курстың соңында студент тәрбие жұмысының әдістемесін жақсы білетін, қазіргі тәрбиеші-құзыретті маманға қойылатын талаптарға сәйкес кәсіби білім, білік, дағдыларын меңгеруі қажет.

Курстың соңында студент:

  • тәрбие жұмысының әдістемесінің негізгі ұғымдарының мазмұнын;
  • тәрбие жұмысының гуманистік педагогикасымен үйлесімділігін;
  • сынып ұжымы мен оқушылардың жеке тұлғасын, әлеуметтік ортасын диагностикалау әдістерін;

-   тәрбие жұмыстарын жоспарлауды;

  • оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыс түрлерін, әдіс-тәсілдерін;
  • бастауыш сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасаудың формалары мен әдістемесін;
  • атқарылған тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін білуі керек.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқыту барысында студент меңгеруі тиіс:

  •  тәрбие жұмысының мәні, мақсаты мен міндеттерін;
  • мектеп пен социумның тәрбиелік жүйесін;
  • сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі мен бағыттарын;
  • педагогикалық ынтымақтастық әдістерін;
  • балалар ұжымын;
  • тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін, құралдарын;
  • тәрбие технологияларын;
  • тәрбие жұмысының және ұжымдық шығармашылық іс (ҰШІ) технологияларын;
  • оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің және тәрбие жұмысының диагностикасы туралы білімдерді.

 

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn