Instructor

Nursultan Zhakupov

Instructor

Reviews

Course reviews will be shown here

Overview

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Қозғалыстағы алуын түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары түрліше болуы мүмкін. Ал бірдей орын ауыстыру үшін олар әр түрлі уақыт жұмсайды. Мысалы, екі аялдаманың немесе екі телеграф бағананың арасын жүріп өтуге автомобиль жаяу адамға қарағанда едәуір аз уақыт жібереді; жаяу адам 1 минутта 100 метрдей жол жүрсе, жасанды Жер серігі дәл осы уақыт ішінде 500 км аралықты ұшып өтеді, ал радиодабыл немесе жарық дабылы осындай уақытта 18 млн км қашықтыққа жетеді. Бұл жағдайда біз автомобиль жаяу адамға қарағанда тезірек қозғалады дейміз.

Әр түрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын жаңа физикалық шама енгізіледі. Жоғарыда келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық -олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса, сол дененің жылдамдығы үлкен болады.

Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:

жылдамдық=орын ауыстыру / уақыт

Материялық нүктенің х осі бойымен бірқалыпты қозғалысын қарастырайық. Бірқалыпты қозғалыстaғ анықтамасына жүгінетін болсақ, мұндай қозғалыстағы жылдамдығы- тұрақты шама. Ол жолдың кез келген t1 уақыт аралығындағы қозғалысты сипаттайды. Айталық дененің уақыт мезетіндегі координатасы  x1, ал t2  уақыт мезетіндегі кооринатасы x2болсын. Демек, t2 – t1   уақыт аралығында қозғалыстағы дененің орын ауыстыруы x2- xшамаға өзгереді. Сонда жылдамдық мына формуламен өрнектеледі.

Егер t2 – t1 =t, ал x2- x=x десек, онда бұл формуланы былайша жазуға болады

Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстағы дененің орын ауыстыруының шамасы оның жүрген жолына тең болады. Сондықтан бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың жылдамдығынан кейде  өрнегімен де анықтай береді.

Бірліктердің халықаралық жүйесінде(SI) жылдамдықтың бірлігіне секундына метр(м/с) алынады. Бұл жылдамдық бірқалыпты түзусызықты қозғалатын нүктенің 1 с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді.

Дене немесе материялық нүкте жылдамдығының бағыты оң не теріс болуы мүмкін. Егер нүкте координата осі бойымен оң бағытта қозғалса (x2>x,l>0) , онда жылдамдықтың бағытын оң деп алу келісілген.

Ал егер нүкте координата осіне қарама- қарсы бағытта қозғалса(x2<x,l<0), онда жылдамдықтың бағытын теріс деп алу қажет. Мысалы, координата осін жоғары бағыттап, сол бағытта допты лақтырсақ, онда оның жоғары көтрілгендегі жылдамдығының бағыты теріс болады.

Суретте дененің жылдамдығы нұсқауымен бейнеленген, өтйкені жылдамдық сан мәнімен (модулімен) қатар бағыты бойынша да сипатталады.

Interested? Enroll to this course right now.

There is more to learn