Instructor

Aizat Aralbaeva

Педагогика ғылымдарының магистрі

Мен, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының ассистентімін. Балалар әдебиеті, әдебиеттік оқу, қазіргі қазақ тілі негіздері, мәнерлеп оқу практикумы пәндерінен сабақ беремін.

Reviews

Course reviews will be shown here

Overview

Қош келдіңіздер! Бастауыш сыныпқа арналған барлық ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен танысамыз. Бұл жерден пәннің мақсат -міндеттерімен,  өзектілігімен, пайдаланылатын әдебиеттер тізімімен, глоссариймен таныса аласыздар.

  1.Курсты оқытудың өзектілігі

    Балалар әдебиеті – жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келе жатқан сөз өнерінің өскелең бір саласы. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамындығы бойынша балалар әдебиеті жеке пән ретінде оқытылады.Аталған мамандық бойынша дайындалатын болашақ бастауыш сынып мұғалімі шәкірттеріне әдебиеттанудан жәй ғана білім беріп қоймайды, оқушылардың рухани дүниесін байытып,туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдерін қалыптастырады, оқушыны жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуге, адамгершілік- эстетикалық ой санасын байытуға септігін тигізеді.Бұл міндеттерді шешуде мұғалім осындай күш – қуатқа ие шығармаларды іріктеп алып, оларды оқуды дұрыс ұйымдастыра ала білуі қажет. Сондықтан балалар әдебиеті курсынан болашақ бастауыш сыныптар мұғаліміне қажетті әдеби білім, білік, дағды қалыптастыру көзделеді.

Аталған пән бойынша студенттер балалар әдебиетінің негізгі  ерекшеліктерін, балаларға арналған халық ауыз әдебиеті үлгілерін, белгілі жазушылардың балаларға арналған шығармаларын және оларды талдауды үйренеді. Бұл пән халық ауыз әдебиетінің барлық жанрлық түрлерінде көрініс тапқан және әдебиет классиктерінің балалар әдебиетіне соқпай кетпеген.Осы тұрғыдан алғанда балалар әдебиетінің тарихына терең шолу жасап , оның айтулы өкілдерінің шығармашылығын терең талдап түбегейлі қарастырады.

 2.3.Курстың мақсаты мен міндеттері:

 Курстың мақсаты : Бұл пән кредиттік технология негізінде көркем сөз өнерінің бір саласы ретінде балалар әдебиетінің ерекшеліктерін  танытып , студенттердің әдеби теориялық білімдерін шыңдайды .

 Пәннің міндеттері  :

 -Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін таныту;

   - Ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және шетелдік классикалық балалар                                           әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

   -Балалар әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен қаруландыру;

    -Әдебиет теориясы негіздерін практикалық қолдану деңгейінде меңгерту.

3.. Білімгерлердің білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар:

Білімгерлер таныс болу керек : Бағдарлама  талаптарына сай қазақ ауыз әдебиетінің негізгі сипаттарын , әдебиеттің тектері , көркем шығарма түрлерін,балалар әдебиеті өкілдерінің шығармаларымен таныс болуы керек

Білімгерлер білуі тиіс

-оқып зерделеген туындының тектік,жанрлық сипатын;

-балалар әдебиеті көрнекті өкілдерінің шығармашылығын, олардың балаларға арналған еңбектерін;

-тегі,жанры әр түрлі туындыларды,оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлерге өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқуды;

- өлеңдер мен  прозалық туындыларды мына мөлшерде (12-14 өлең, 4-5 прозалық туындыдан үзінді) жаттау;

-оқылған, талданғарн шығармалардың атын, жетекші тақырыбын,идеясын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білуі тиіс.   

Білімгерлер үйренуі тиіс

- бастауыш мектеп оқушылары үшін көркем шығармаларды іріктей білуді;

- оқып зерделенген шығармалардағы аса маңызды авторлық, лирикалық және публицистикалық толғаныстардың, шегіністердің,суреттеулер мен сипаттаулардың, шығарманың идеялық –көркемдік мазмұнындағы мәнін, сюжет элеметтерінің бір-бірімен себеп-салдарлық байланысын көрсете алуды;

-оқылған шығармаларға олардың көркемдік, поэтикалық, тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, өзіндік түйсінуі негізінде баға беруді;

-тақырыбы бір-бірімен үндес шығамалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыра пайымдай алуды;

- оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең құрастыру, шағын үзіндіге киносценарий жазу, мақала жазу т.б.) жүргізе алуды;

-кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуді үйренуі тиіс.

2.4.  Пререквизиттері мен постреквизиттері:

 Пререквизиттері :

           «Балалар әдебиеті » пәнін оқып – үйрену үшін білімгерлердің балалар әдебиеті        курсынан мектеп бағдарламасы деңгейінде жеткілікті білімі болуы қажет.

Постреквизиттері :

«Балалар әдебиеті » пәнінен теориялық және практикалық білім алу негізінде «Тіл мәдениеті» , « Қазіргі қазақ тілі» және «Көркем шығарманы лингвистикалық талдау » , «Шешендік өнерге баулу әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы»     т. б. пәндерді меңгеруге болады.

Пән «Педагогика » , «Тарих » , «Психология» , «Этнопедагогика » , «Әдебиеттану» пәнімен байланыста оқытылады.

 

2.5.Курстың қысқаша сипаттамасы :

     «Балалар әдебиеті» - халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің балаларға арналған жанрлық түрлерін қамтыған пән.Өздеріне арналған шығармаларды тыңдап , оқи отырып баланың ақыл- ойы , сезімі дамиды . Кейіпкер орнына өзін қойып олар жасаған іс- әрекеттерді қайталауға , дұрыс жүріп , тұруға және сөйлеуге дағдыланады. Сондықтан да балалар әдебиетін - өмір оқулығы деуге болады.

 Курс 15 сағат лекция , 30 сағат семинар , 45 сағат БӨЖ , 45 сағат ОБӨЖ – нан тұрады.

Пәнді оқытуда сөздік әдістер (түсіндіру , лекция , әдебиеттермен жұмыс істеу) көрнекілік әдістері пайдаланылады.

      Бұл курста өзіндік түсініктерді қалыптастыру бағытында қолданбалы әдістер қарастырылады. Бұл бағыт дәстүрлі лекция сабақтарында және білімгердің оқытушымен бірігіп орындайтын жұмыстарында толықтырылады. Олар ауызша пікір алмасу , реферат , көркем шығармаларды талдау , ақындардың балаларға арналған шығармаларын жатқа айту.

    

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

      Негізгі әдебиеттер:

  1. К. Ісләмжанұлы. Рухани уыз. Алматы., 2007ж.
  2. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы. 1,2-кітап. өлаңдер поэмалар.
  3. М. Ғабдулин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы., 2008ж.
  4. Фольклер шындығы. Алматы 2009ж.
  5. А Қыраубаева. Ғасырлар мұрасы. Алматы., 2008ж.
  6. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап. Оқу құралы. Алматы., Қазақ Уневарситеті, 2001.

  2.Қосымша әдебиеттер:

  1. Ы. Алтынсарин. Танымалы шығармалары. – Алматы.
  2. А. Құнанбаев. Қара сөздері. Поэмалары. – Алматы., 2009.
  3. а. Байтұрсынов. Шығармалары. – Алматы., Жазушы 2009.
  4. М. Жұмабаев. Таңдамалы шығармалары. – Алматы., Ана тілі, 2011.
  5. М. Дулатов. Оян қазақ! – Алматы., 2012.
  6. Ж. Аймауытов. Шығармалары. – Алматы., Рауан, 2005
  7. М. Әуезов. Таңдамалы шығармалары.1-12томдық.  Алматы., Жазушы, 2009
  8. С. Сейфулин. Шығармаларының толық жинағы. Алматы., Жазушы, 2014.
  9. Б. Майлин. Шығармалар. – Алматы., Жазушы,2014.
  10. Жансүгіров. Шығармалар. 16 томдық. – Алматы., Жазушы, 2004
  11. С. Мұқанов. Шығармалар. 16 томдық. – Алматы., жазушы, 2010.
  12. Г.Мүсірепов. Шығармалар. 3 томдық. – Алматы., Жазушы, 2011

 

1. ГЛОССАРИЙ

1.1. Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиеттану ғылымының саласы. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі үш түрлі мәселені қамтиды: қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігін, шығарманың әдеби көркемдік құрылымын, әдеби процесті.

1.2. Эстетика – болмысты суреттеудегі әдебиеттің адамның эсетикалық санасын байытып, жан тазалығы, эстетикалық ләззат беретін әдемілікті идея мен мақсатқа сай суреттеу. Эстетиканы анқтаудың үш шарты бар: 1) тұтастық, 2)үйлесім, 3) айқындық.

1.3. Әдеби шығармашылық – қаламгердің көркем туындылар тудырудағы еңбек процесі.

1.4. Методологиялық мектептер – көркем шығармаларды жазу мен танудағы ғылыми ілімдер.

1.5. Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.

1.6. Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.

1.7. Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.

1.8. Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.

1.9. Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ.

1.10. Архетип – о баста адам қиялында пайда болып, соңында өзіндік мазмұнға ие болған архаикалық рәсімдердегі психологиялық схемаларға тән мотивтер мен әдіс-тәсілдер.

1.11. Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.

1.12. Поэтика – көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың көне ғылым саласы.

1.13. Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.

1.14. Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.

1.15. Герменевтика – текстерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім.

1.16. Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.

1.17. Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.

1.18. Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.

1.19. Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.

  •  

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn