Instructor

Гулхан Нурадин

Преподаватель

Мен Нұрадин Гүлхан Болатқызы, филос.ғ.к., доцент, 3 оқу құралы және 40 шақты ғылыми мақала авторымын. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тінің 1996-2001 жылғы түлегімін. Өмірде адамдармен ашық, таза әңгіме-дүкен құрғанды ұнатамын. Шамам жеткенше жүрек тазалығын сақтағым келеді. Жастардың тура жолдан тайқымауы үшін барымды саламын. Өз пәнім, өз жұмысысым өзіме қатты ұнайды. Жұмысқа мерекеге келгендей көтеріңкі көңіл-күй, жұмысқа деген ынтамен келгенді дұрыс деп есептеймін.

Reviews

Course reviews will be shown here

Overview

Құрметті өмір мектебінің өміршең өрендері!   

 Біз осы тіршілік етеміз бе, әлде өмір сүреміз бе? Екеуінің аса бір айырмашылығы бар ма? Егер өмірдің мәні ұрпақ жалғастыру, оларға қамқорлық жасау десек, дәл осыны әрбір жәндік пен жануарда істемейді ме? Олар да ертелі кеш тырбанып апан жасайды, көбейеді, өседі. Құс екеш құста аузымен сабан тістеп, балшық илеп ұя салады, балапандарын қоректендіріп, қанаттандырып, ұясынан ұшырып жібереді. Сонда біздің олардан айырмашылығымыз кәне?

    Егер біз адамды жануар немесе жәндіктердің тірліктерімен салыстыра қарар болсақ, біз олардың ішіндегі ең әлсізіміз. Айталық, арыстан, жолбарыс, қабылан, сілеусін сынды жыртқыштар 6-10 метрге дейін секіре алады. http://udivitelno.com/animals/item/63-rekordsmeny-sredi-zhivotnyh,  http://www.zoopicture.ru/samye-pryguchie/ (мына сілтемелерден қарап, бұрын білсеңіздер еске түсіруге, ал білмеген болсаңыздар танысуға болады). Ал Ресейдің рекордсмені Елена Исинбаеваның өзі ...  http://24smi.org/celebrity/446-elena-isinbaeva.html (мына сілтемеден қараңыз). 

    Олай болса, адамның ойлауы, ол ойын сөйлеу арқылы жеткізуі, оны бар тіршілік иелерінен ерекшелендіріп, басымдылыққа ие еткізіп отыр. Бірақ, біздің санамыздың 17 % сана, ал 83 %  бисаналық және жүріс-тұрыс пен қабылдаудың 2 ден 4 %  дейін сана, ал 96-98 % бисаналық құрайтынын, оған қоса, сана жадысының тереңдігі 20 секунд, ал бисаналықтың шексіздік, сана өткен мен болашақты қабылдай алады, ал бисаналық тек осы шаққа жауап беретінін ескерсек, картинамыз айқындала түседі. 

  Олай болса, қош келдіңіз! бұл жерде сұңғылалы ойлар, сүбелі пікрлер, қисынды сұрақтар мен ұтымды жауаптар болады деп сенемін! Іске сәт! 

    Бұл курстқа 15 сабақты жоспаралп отырмын. 

1. Профайлинг. Тапсырманы орындау арқылы Сіз кіммен қалай қарым-қатынас жасап жүргеніңізді анықтай аласыз. Кіммен жиі сөйлесесіз, жиі коресіз, кім қандай деңгейге жатады. Ара қатынасты ажырату, дұрысөмір сүрудің, бастысы қауіпсіз өмір сүрудің бір кепілі.

2. Өзін-өзі бағалау. Біз өзімізге қандай баға береміз. Көбіне біреуді сынауға, мінеуге күштіміз. егер анау болмағанда мен бұлай етер едім деп үнемі кінәліні сырттан іздейміз. себебі біз өзімізді өзіміз көрмейміз, тек айнадан ғана немесе айнаның көмегімен. Олай болса, өзіңе қалай үңілуге болады? 

3. Конфликтті ситуациялардан қашу немесе олардың алдын-алу. Бәріміз әйтеуір бір ыңғайсыз жағдайларға қаламыз, кейде оның арты насырға шауып жатады. Көп отбасылар осындай жағдайлардан ажырасып, ендібіреулер жұмыссыз қалады. не істеу керек мұндайда?

4. Өз ойыңды бақылау немесе тізгіндеу. оны қалай жасауғе болады? Ой-жүйрік. ол көбіне жағымсыз дүниелерді ойлағанда тіпті сумаңдап кетеді. неге? Біз ойымызды тым тереңге жіберіп адасып қалмаймыз ба? ойдың шындыққа айналу қаупінің алғышарттары қалай?

5. Әркім өз өмірінің қожасы. Сіз өз өміріңізідің қожасысыз ба? Сіз бостандық, еркіндік деген ұғымдарды қаншалықты терең түсінесіз?

тақырыптарды шетінен беріп отырамын. Сізді қызықтыратын тақырып болса, бөлісуіңізге болады, кез-келген ұсынысты қабылдаймын.      

Interested? Enroll to this course right now.

There is more to learn