Instructor

Карлыгаш Сарыбекова

Бастауыш мектеп

Reviews

Course reviews will be shown here

Overview

     Математиканы оқыту әдістемесі 3 курс студенттеріне арналған 3 кредиттік пән. Мақсаты- бастауыш сынып мұғалімдеріне математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін, оқыту формаларын, көрнекілік түрлерін, сабақ түрлерін оқытады. Пререквизиттері - математика негіздері, информатика, педагогика. Постреквизиттері - шағын жинақталған мектепте математиканы оқыту.

Лекция – 15 сағат. Тәжірибелік сабақ –  30 сағат. Оқытушының ұйымдастыруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысы – 45 сағат. Студенттердің өзіндік жұмыстарына – 45 сағат берілген.

Лекцияда, математиканы оқыту әдістемесінің педагогикалық ғылым және оқу пәні ретінде ұзақ уақыт қалыптасуы мен дамуы, жеткен жетістіктері көрсетіледі. Онда, бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары кәсіби педагогикалық білім беру, болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің математиканы оқыту теориясы мен технологиясынан білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, бағдарламаларды, математикадан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды теориялық талдау; педагогикалық эксперимент; бақылау; озат педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену және жалпылау; әңгіме; анкета; тест және т.б. мәселелерді терең игеруге айырықша көңіл бөлінеді.

Тәжірибелік сабақта: лекциялық материалдың негізгі бөлімдерін және оның кейбір тұстарын терең оқыту; әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету; бастауыш математикалық білімнің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары мен оқу бағдарламасы сияқты нормативті құжаттарды оқытып-үйрету, осының нәтижесінде күнтізбелік, тақырыптық жоспар жасау; осыларды ескере отырып, сабаққа дайындалу және оны жоспарлап үлгі сабақтар өткізу; қатысқан сабақты талдау қарастырылады.

Сабақтың тиімділігі, нәтижелілігі және сапасы мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Кәсіби дайындыққа: теориялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік дайындық жатады. Сондықтан, студенттердің кәсіби дайындығын жоғары деңгейге көтеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Кредиттік оқыту жүйесінде студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) орны ерекше. СӨЖ студент білімінің тереңдігі мен орындылығына, дағдылары мен компоненттілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі болады және өз ойын еркін, дәлелдермен жеткізе алу, 1-4 сынып оқушыларына талапқа сай білім беру дағдыларын үйренеді және меңгереді.

СӨЖ екі бөліктен: аудиторияда, оқытушы басшылығымен студенттің орындайтын өзіндік жұмысынан (ОБСӨЖ) және аудиториядан тыс уақыттағы студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады. Кредиттік технологияны енгізу туралы құжаттарға сәйкес ОБСӨЖ үшін бөлінетін уақыттың көлемі аудиториялық сабақтарға бөлінген уақыттан кем болмауы қажет.

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn