Instructor

Гулхан Нурадин

Преподаватель

Мен Нұрадин Гүлхан Болатқызы, филос.ғ.к., доцент, 3 оқу құралы және 40 шақты ғылыми мақала авторымын. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тінің 1996-2001 жылғы түлегімін. Өмірде адамдармен ашық, таза әңгіме-дүкен құрғанды ұнатамын. Шамам жеткенше жүрек тазалығын сақтағым келеді. Жастардың тура жолдан тайқымауы үшін барымды саламын. Өз пәнім, өз жұмысысым өзіме қатты ұнайды. Жұмысқа мерекеге келгендей көтеріңкі көңіл-күй, жұмысқа деген ынтамен келгенді дұрыс деп есептеймін.

Reviews (8)

Акерке Зархат
Альбина Оракова
Гулдерай Жаксымураткизи
Balnur Bori

Overview

Құрметті мәдениеттану пәнін таңдаған филология факультетінің студенттері!

    Мәдениеттану пәні бойынша аптасына 1 рет болатын дәріс Сіздердің бұл пәнді толық игеруіңізге аздық етеді. Сондықтанда онлайн тегін курс Сіздің аталмыш пән бойынша толыққанды мәлімет алуыңызғаға, өзіңіздің мәдени деңгейіңіздің көтерілуіне, мәдени қарым-қатынас жасауға бейімделуіңізге, ой-өрісіңіздің дамытып, мәдени релятивизмді, этикалық нормаларды қарапайым тұрмыста сайқтай білуіңізге септігін тигізеді деп сенемін.

Бұл жалпыға бірдей виртуалды орта болғандықтан артық ақпарат, қажетсіз сурет т.б. салмауларыңызды өтінемін. тек берілген тапсырма бойынша нақты орындалған дүниелерді ғана салыңыздар! Талқылау бөлімінде өз пікірлеріңізді, нақты қысқаша түрде, түсінікті етіп беріңіздер!

Құрметті студенттер қазір әлемдік білім жүйесінде АҚТ тиімді қолдану аса маңызды болып отыр. Сол себептен шамамыз келгенше белгілі бір тапсырмаларды әр түрлі бағдарламаларда жасауға тырысайық. мен білгенімді Сіздерге үйретуге бағдар берейін, Сіздер өз білгендеріңізді бізге үйретіңіздер!

Мұғалімнің қолында премьер-министр қолында жоқ билік бар екенін ұмытпаңыздар! Сіздер болашақ педагог ретінде бүкіл қоғамды өзгерте аласыздар, жаңа ұрпақты түрлі қоғамдық аурудан емдей аласыздар! Іске сәт!       

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn