Каллиграфияға үйрету әдістемесі

Instructor

Гулнур Спаналиева

Reviews

Course reviews will be shown here

Overview

2.3. Курсты оқытудың өзектілігі

Бастауыш оқыту педогогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР мемлекеті стандарты (ҚР МЖМБС 3.08.002-2004) талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жоғары педагогикалық кәсіби білім беруде оқу пәнінің алатын орны ерекше. Бастауыш сынып мұғалімінің алдына қойылатын жауапты міндеттердің бірі - 1 сынып оқушыларының жазу дағдысын қалыптастыру және оны кейінгі сыныптарда жетілдіру болып табылады.

1. Курстың мақсаты: бұл пән білімгерлерді бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйретудің қазіргі әдіс-тәсілдерімен қаруландыру мақсатын көздейді.

 Пәннің міндеттері:

- бірінші сынып оқушыларының графикалық-каллиграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процесінің психологиялық, физиологиялық негіздерін ашу;

- графикалық-каллиграфиялық дағдыны қалыптастырудың орфографиялық дағдыны қалыптастырумен байланысты екенін көрсету;

- жазуға үйретудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білуге үйрету;

- бірінші сыныптағы жазу сабақтарының дамытушылық мүмкіндіктерін ашу;

- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін, жазу сабақтарын, қазақ тілі сабақтарындағы көркем жазу минуттарын жоспарлай білуге үйрету;

- білімгерлерде жазуға үйрету әдістемесінің білім, білік, дағды жүйесін қалыптастыру;

- білімгерлердің дұрыс, тез және байланыста жазуын қамтамасыз ету;

- білімгерлерді кіші жастағы мектеп оқушыларын жазуға үйретудің сөздік және практикалық әдістерін үйлестіріп қолдана білуге үйрету;

- көркем жазу мен жазуға үйретудің тарихымен таныстыру;

- жазуға үйрету әдістемесі бойынша білімгерлерді ғылыми-зерттеу жұмысына дайындау.

 

2. Білімгердің білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар:

Білімгерлер таныс болуы керек: Бағдарлама талаптарына сай қазіргі қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.

Білімгерлер білуі тиіс:

Δ  жазуға үйретудің психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін;

Δ  жазу дағдыларына машықтанудың кезеңдерін;

Δ  жазу дағдыларын тиімді қолдану жолдарын;

Δ  оқушы жазуына қойылатын талаптарды.

 

Білімгерлер үйренуі тиіс:

  • жазуға қатысты еңбектерді дұрыс таңдап, талдауды;
  • графикалық және каллиграфиялық қателерді айырып көрсетуді;
  • жазба жұмыстарын бағалауды;
  • жазу сабақтарын, қазақ тілі сабақтарындағы көркем жазу минуттарын жоспарлауды.

 

2.4. Пререквизиттері:

«Жазуға үйретудің технологиясы» пәнінің алдында білімгерлер «Қазіргі қазақ тілі», «Психология», «Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы», «Педагогика» пәндерінен алған білімдерін жазуға үйрету технологиясын меңгеруде пайдаланылады.

Постреквизиттері :

Бұл пән «Қазақстан тарихы», «Бейнелеу өнерінің теориясы мен технологиясы» пәндерімен байланыста оқытылады.

 

 

 

 

 

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn