Оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану

Instructor

Nazym Duisenowa

ББИжХБО

Reviews

Course reviews will be shown here

Overview

Құрметті әріптес!

Сіз "Оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану" онлайн тренингке тіркелдіңіз.

 

​​

 

 

„Оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану" онлайн курсы

Қысқаша шолу

Кімге арналған?

Бұл курс мектеп мұғалімдеріне арналады. Оған әртүрлі жастағы компьютерлік құзырлылығы жоғары кез-келген мұғалім қатыса алады.

Курстың форматы

Eliademy-виртуалды аудиториясында тьютордың көмегімен және онлайн режимде өтетін онлайн курс.

Kурстың ұзақтығы: .

Курстың мақсаты

«Оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану» онлайн курсының мақсаты:

  • Мұғалімдердің АКТ құзырлылықтарын арттыру
  • Сабақты түрлендіру мүмкіндіктерімен және оларды сабақта қолдану жолдарымен таныстыру
  • Сандық оқыту ресурстарын құрастыру
  • Виртуалды аудиторияда жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру және виртуалды  аудиториямен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Курстың құрылымы

«Оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану» онлайн курсы екі фазадан ғана тұрады: аудиториялық және  онлайн, кейбір веб-технологиялармен танысу және оларды оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін  ортаға салу виртуалды аудиторияда онлайн режимде жүзеге асырылады.

Курстың барысы

Онлайн курсқа қатысу тегін. Курста қарым-қатынас тілі – қазақ тілі.

Курс барысында қатысушылар жұмыс материалдарымен жұмыс жасайды, тапсырмаларды орындайды, форумда қатысады, өз посттарын жазады, мультимедиалы өнімдер, бейнесабақтар дайындайды және т.б. Коммуникация форумда/дискуссия және E-Mail арқылы жүзеге асады.

Курс бағдарламасына сәйкес тапсырмалар ретімен жарияланып отырады. Сіздің міндетіңіз – берілген тапсырманы уақтылы орындау. Қатысушылар әр сабақтың тапсырмаларын орындап, курс платформасына жүктейді де, тьютор мен әріптестерінен комментарийлер мен кері байланыс алады, оқу материалдарымен, идеяларымен алмасады, сабаққа байланысты бір-біріне кеңес береді.

Ең бастысы, Сіз осы курс барысында бір пәннен виртуалды аудитория жасақтайсыз, оны оқу контентімен толықтырасыз, тапсырмалар құрастырасыз, оқушыларды тіркеп, Flipped Teaching  әдісін тәжірибе жүзінде қолдануға кірісесіз.

Ал іске сәт!

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn