Білім беру процесіндегі заманауи интернет технологиялар

Instructor

Дина Толегенова

IT-специалист

БІЛІМІ Уақыты: 2011-2015 жж. Оқу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Факультет: механика-математика факультеті Мамандығы: Математикалық және компьютерлік модельдеу

Reviews (1)

Asel Eshenkulova

Overview

Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» онлайн курсына қош келіпсіздер!

 

​​

Құрметті курсқа қатысушылар!

Сіз ІТ және оқытудың инновациялық технологиялары орталығының Eliademy платформасында «Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» курсына тіркелдіңіз.

Онлайн курс сынақ-курсы ретінде ұйымдастырлып отыр және оған қатысуға келісім бергендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Бұл курс  бір-екі күнде басталады. Оған дейін курстың концепциясымен таныс болыңыздар. 

 

Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері“ онлайн курсы

Қысқаша шолу

Кімге арналған?

Бұл курс ТарМПИ жоғарғы курс студенттеріне арналған. Оған компьютерлік құзырлылығы жоғары кез-келген студент қатыса алады.

Курстың форматы

Eliademy-виртуалды аудиториясында тьютордың көмегімен өтетін онлайн курс.

Kурстың ұзақтығы: 2 апта

Курстың мақсаты

«Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» онлайн курсының мақсаты:

  • студенттердің АКТ құзырлылықтарын арттыру
  • Сабақты түрлендіру мүмкіндіктерімен және оларды сабақта қолдану жолдарымен танысу
  • ПОҚ тәжірибе алмасуға/бөлісуге жағдай жасау

Ал алғашқы онлайн курстың басты мақсаты - Интернет платформаға негізделген оқу курсының жұмыс қағидаларымен танысу, оның жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, оны оқу үрдісіне енгізу мүмкіндіктерін қарастыру.

Курстың құрылымы

«Заманауи Интернет-технологияларды білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктері» онлайн курсы бір фазадан ғана тұрады, яғни кейбір веб-технологиялармен танысу және оларды оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін ортаға салу.

Курстың барысы

Онлайн курсқа қатысу тегін. Курста қарым-қатынас тілі – қазақ тілі.

Курс барысында қатысушылар жұмыс материалдарымен жұмыс жасайды, тапсырмаларды орындайды, форумда қатысады, өз посттарын жазады, мультимедиалы өнімдер дайындайды және т.б. Коммуникация форумда/дискуссия және E-Mail арқылы жүзеге асады.

Курс 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде ең алдымен, әдістемелік нұсқаулық және 2-4 тапсырма қарастырылған.

Курс екі аптаға созылады. Курс бағдарламасына сәйкес тапсырмалар ретімен жарияланып отырады. Сіздің міндетіңіз – берілген тапсырманы уақтылы орындау. Қатысушылар әр сабақтың тапсырмаларын орындап, курс платформасына жүктейді де, тьютор мен әріптестерінен комментарийлер мен кері байланыс алады, оқу материалдарымен, идеяларымен алмасады, сабаққа байланысты бір-біріне кеңес береді.

Course content


Request invitation

Content of this course is available by invitation only. You can not access this course if you don't have an invitation from the course instructor.

Get Started

Interested? Start your first course right now.

There is more to learn